Жиеннің әзілі

Жиеннің әзілі

Әдебиет әлемінде сатираға қалам тербеп жүрген Асқарбек Әмірбек есімді жас тарлан бар. Бүгін міне, қаламы енді шыңдалып келе жатқан жас жауынгердің тырнақалды дүниесін ұсынғалы отырмыз. 

Жиеннің әзілі

Менің нағашым – Бөрібек,

Ақыл айтар жері көп.

Айтайын оны дәлірек:

 

Үйіне барсаң түңілесің,

Тиісті сынға ілінесің.

Әйтеуір,

бір сүрінесің.

 

Жегенін ішкен шайы айдатпайды,

Біреуге ұрыспаса шай батпайды.

Әйтеуір,

жай жатпайды.

 

Ін жоқ жерден ін табады,

Бойыңа үкідейін мін тағады.

Әйтеуір,

сыннан бұрын мін табады.

 

Сөзіменен орға жығады,

Одан шыға торға тығады.

Әйтеуір,

адам зорға шығады.

 

Таза жерге күйе жағады,

Жаққанда да үйе жағады.

Әйтеуір,

осал жерге тие жағады.

 

«Жақынын жамандаған

жатқа күлкі болады»,

Туралығын айтпаған,

Елге түрпі болады.

 

Нағашеке, сын айттым арқалаған,

Бойымдағы шерімді тарқамаған.

Жиеніңнің әзілін көтерерсің,

Немесе ренішің бар ма маған?

сурет:subscribe.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига