Фаина Раневскаяның қанатты сөздері

Фаина Раневскаяның қанатты сөздері

ХХ ғасырдың атақты орыс актрисаларының бірі Фаина Георгийқызы Раневская көптеген мінезді кейіпкерлерді сомдаған. Сонымен қатар актриса ел есінде әзілқой әйел ретінде қалды. Оның сұхбаттарда берген тапқыр жауаптары мен жеке афоризмдері бүгінде қанатты сөздерге айналған.

Әйелдер жайлы

Мәскеуге «Сикстиндік Мадонна» қойылымын әкелгенде көп зиялы адам тамашалауға барады. Фаина Раневская екі шенеуніктің әңгімесіне куә болады. Біреуі қойылымның оған ұнамағанын, ешқандай әсер қалдырмағанын айтады. Сонда Раневская:
- Ол ханым бірнеше ғасыр бойы қаншама адамға әсер етіп жүр, ендігі кімге әсер еткісі келсе, соған әсер етуге құқығы бар! – депті.

***
Құдай әйелдерді еркектер сүйсін деп әдемі етіп жаратты және әйелдер еркектерді сүйсін деп ақылсыз етті.

***
«Сіздің ойыңызша, қара торы әйелдер мен аққұба әйелдердің қайсы еріне берілген болып келеді?» Раневская ойланбастан: «Ақ шаштылар» деп жауап береді.

***
Әйелдер, әрине, ақылдырақ. Еркектің әдемі аяғы үшін басын жоғалтып алған әйелдерді көргенсіз бе?

***
Әдемілік қысымын ештеңе ұстап тұра алмайды! (Белдемшесінің тігіс кеткен жеріне қарап)

***
Мұндай құйрықпен үйде отыру керек!

Денсаулық жайлы

«Фаина Георгиевна, ауырып қалғансыз ба?» - деген сұраққа ол: «Жоқ, жай түрім осындай» деп жауап берген.

***
Немен айналысып жүрмін дейсіз бе? Денсаулығыммен ойнап жүрмін.
***
Өзімді сезінемін, бірақ жаман.
***
Склерозды емдеуге болады, бірақ оны ұмытып кетуге болады.

Қарттық жайлы

Мен вокзалдағы ескі пальма сияқтымын – ешкімге керек емеспін, бірақ лақтыруға да қимайсың.
***
Қарттық – бұл нағыз опасыздық. Қартайғанша өмір сүргізіп қою - бұл құдайдың надандығы.

***
Іштей өзіңді он сегіз жасар санап, керемет әуен, өлең, көркем суреттен нәр алып, жаңадан өмір сүруді бастап жүргенде уақытың келгенін, бәрі де кеш екенін түсіну сондай қиын!
***
Ойлар өмірдің басына тарта бастады – демек, өмір соңына келе жатыр.
***
Мен өлсем, менің құлпытасыма: «Жиіркенуден қайтыс болды» деп жазыңдар.
***
Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Жұмыс жайлы

Ақша құртылды, ал масқаралық қалды. (Өзінің кинодағы рөлдері жайлы)
***
Мойындалу үшін кейде, тіпті, өлу қажет болады.

***
Бұл фильмді төртінші рет көріп тұрмын және айтайын, бүгін актерлер бұрынғыдан да керемет ойнады!
***
«Актер болуға көмектесіңізші» деген хаттар аламын. «Құдай көмектессін!» деп жауап беремін.
***
Ол фантазиясы кеңейіп кеткеннен қайтыс болады. (Режиссер Ю. Завадский жайлы)
***
Мен «ойнау» деген сөзді мойындамаймын. Карта ойнауға болады, шашка ойна, бәйге ойна. Ал сахнада өмір сүру керек.
***
«Бірінші актідегі гауһар тас шынайы болуы керек» - деп талап етеді бір жас актриса.
«Бәрі шынайы болады», - деп жұбатады Раневская. «Бірінші актідегі гауһар тас та, екіншісіндегі у да».

Өзі және өмірі жайлы

Атақтың серігі – жалғыздық.

***
Жексұрындар да сені есіңе алып жүретіндей өмір сүру керек.

***
Ақымақ өмір сүру үшін ақылым жетті.
***
Қараң қалғыр он тоғызыншы ғасыр, қараң қалғыр тәрбие: еркектер отырғанда тұрып тұра алмайды екенмін.
***
Өмір өтіп жатыр және иілмейді, ренжулі көрші әйел сияқты.

Түрлі тақырып

Хаттағы орфографиялық қателер – ақ жейдедегі қандала сияқты.
***
Ертегі – бұл бақаға үйленіп, ол ханша болып шыққаны. Ал өмір – бұл керісінше жағдай.
***
Мен ұзақ әрі сенімсіз сөйледім, тура бір халықтар достастығы жайлы айтып жатқандай.
***
Отбасы бәрінің орнын басады. Сондықтан, үйленер алдында ойланып алу керек, қайсы маңызды: бәрі немесе отбасы.
***
Нағыз еркек – бұл әйелдің туған күні қашан екенін білетін, бірақ жасының нешеде екенін білмейтін еркек. Әйелдің туған күні қашан екенін білмейтін, бірақ нешеде екенін нақты білетін еркек – бұл оның күйеуі.
***
Адамдардың неге кедейдіктен ұялып, байлықтан ұялмайтынын ешқашан түсінбей келдім.
***
Білесіздер ме, мен броневиктегі әлгі тазды көргенде, түсіндім: бізді үлкен қатер күтіп тұр. (Ленин жайлы)
***
Бірде Раневскаядан: «Неге ақылды әйелдерден гөрі әдемі әйелдер сұранысқа ие?» - деп сұрайды.
- Бәрі айдан анық қой, соқыр еркектер аз, ал ақылсыз еркектерден аяқ алып жүре алмайсың.
***
Бірде театр жетекшісі Юрий Завадский қойылымға дайындық кезінде Фаина Раневскаяға айқай салады: «Фаина Георгиевна, сіз мына ойыныңызбен менің барлық режиссерлік ойымды жеп қойдыңыз!» «Нәжіс жегендей сезімде жүргенім содан екен ғой!» - деп жауап беріпті Раневская.

Сурет: ria.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina