- Негізгі бет
- Сатира
- Бір кітапты 55...
Бір кітапты 55 жыл бойы оқыған...
Нью-Йорк кітапханасына осыдан 55 жыл бұрын алынған кітап қайтарылыпты. Кітаптың аты «Огонь Фрэнсиса Ксавьера» (Fire of Francis Xavier).
Америкалық БАҚ-тардың хабарлауынша, кітап 1958 жылы 10 сәуірде алынған екен. Кітапхана өкілі Эми Гедалдинг кітаптың пошта арқылы 100 долларлық купюр салынып қайтарылғанын айтқан.
Ал Нью-Йорк кітапханасының бір күндік кешігу айыппұлы 0, 25 долларды құрайды. Осы есеппен санап көргенде «бұзақы» Ксавьердің биографиясы жазылған кітап үшін 5 мың доллар төлеуі керек екен. Десек те, Гедалдинктың айтуы бойынша, кітаптың ең жоғары делінген айыппұлы сол кітаптың құнына теңеседі, сондықтан да жіберілген 100 доллар кітап құнын өтеп отыр.
Кітапхана басшылығы кітапты 55 жылдан соң қайтарған оқырманының аты-жөнін айтудан бас тартты. Оқырманға деген құрмет осындай болсын...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: sg-kolping.de
А. Құлтай