- Негізгі бет
- Салт-дәстүр
- «Сүйінші» мен «көрімдіктің»...
«Сүйінші» мен «көрімдіктің» аражігін ажырата аласыз ба?
Бабаларымыз бағзы заманнан әрнәрсені ырымдап, кез-келген құбылыстың соңынан жақсылық күтіп, ол ойдан көңілге қонымды дәстүрлер дүниеге келген. Ол әдет-ғұрыптарымыз атадан-балаға жалғасып, сақталып келеді. Кей аймақтарды санамағанда «сүйінші» мен «көрімдік» әліге дейін қолданыста. Бірақ, қайсысы қандай жағдайда айтылады? Аражігін ажыратып алайық!
Қуанышты хабар (дүниеге бала келу, келін түсіру, жағымды жаңалық) жеткізуші адам «сүйінші!сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Ал көрімдік жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау - халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Ал, сүйінші беріңіз, бұл дәстүрді санамызға сіңірдік!
Дереккөз: anabol.kz
О. Сансызбай