- Негізгі бет
- Салт-дәстүр
- Шаппай бәйге беру...
Шаппай бәйге беру салты
Қазақ халқының бәйге, бәсеке сайысында «шаппай бәйге алу», «шаппай бәйге беру» салты бар. Бұл cалтты көбіне елге танылған, дүйім жұртқа мәлім дүлдүл жүйріктерге береді.
«Шаппай бәйге беру» салтында той төрешісі елден рұқсат сұрайды. Ол: «Онсыз да алда озып келеді, атты қинамай-ақ бас бәйгені берсек қайтеді?» — деп жария етеді. Бұған кейде тойшылар келісіп, кейде келіспей жатады. Бастысы — жүйріктің иесі кім екенінде. Қазақ салтында жүйріктер не бай, не патша, не төре, билердікі немесе қарапайым халықтың бірінікі болады. Халық кедей, жалғыз бас адамдардың жүйрігі болса, ұйғарып, бас бәйгені соған бергізеді. Ал ауқатты, билік иесі болса ұйғармай, «шаппайбер бәйгені» бергізбейтін кездер болады. Кейде бұл тап аралық тартыс, тайталасты да туғызып жатады. Осыған орай басқа да бәйге, сайыстарда озатындарға ел «шаппай бәйге алатынның өзі» десіп жатады.
Алайда, шаппай бәйге беру салты өте сирек кездеседі. Себебі бұл шешімнің соңы көбінде дау-шар, араздыққа ұласып кетеді. Сол үшін ел не де болса, жүйріктердің күшін сынауды алға ұсынып, «шын жүйрік өрге келсе – өршеленер» деген қағидаға сай бәйге-сайысқа салып, көз жеткізуді талап етеді.
Дереккөз: argymaq.kz
О. Сансызбай