Қазақстанда ұлттық киімдер күні тойлана бастады, - деп жазады Tengrinews TV. Бұл мерекені тойлау туралы бастама алдымен әлеуметтік желілерде көтерілген. Идея қолданушылар арасында қолдау тауып, соңы осындай шараға ұласты.
Мереке аясында ұлттық киімдер көрсетілімі болды. Шараға арнайы төрт метрлік шапан тігіліп әкелінген. Айта кетелік, ұлттық киімдер мерекесін тойлау идеясының авторы – жазушы, тарихшы Арман Нұрмұхамбетов. Көпшіліктің шешімімен мейрамды сәуір айының ең соңғы жұмасында тойлау келісілген.
сурет: tn.kz