Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.
Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар-жар-ау» (жар-жар). Өмірде қазақ салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезеңінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босағаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық болады. Тиісінше көрімдігі де соған лайықты болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле – келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес,
Ғ. Аманованың «Халықтық педагогика-даналық мектебі» кітабынан алынған
Оқи отырыңыз:
1. Дәстүр сөйлейді. «Атбайлар» және «Аушадияр»
2. Дәстүр сөйлейді. «Біз шаншар» және «Қыз қашар»
3. Дәстүр сөйлейді. «Шаңырақ көтеру» және «Шаңырақ түйе»
4. Дәстүр сөйлейді. «Тобық тығу» және «Тобық жұту»
5. Сөздер сөйлейді. "Дес беру, дес бермеу"
Сурет: baq.kz, img11.olx.kz