Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан.
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.
Бәс. «Осындай даңқ пен атаққа ірі ас пен тойға бәс жеңімпаздары да ие болған». Ел ішінде ертеден келе жатқан салт пен әдеттің бірі – бәс тігу. Бұл ас пен тойда ғана емес, әр уақытта бола беретін қызықты бәсеке. Бәстің түрі де кө болады. мысалы, күш сынасу, ауыр тас көтеру, өгізді, түйені көтеру, судан жүзіп өту, бір қойдың етін бір өзі жеп кету, күрес, мергендік сайысы, жаяу жарыс, және т.б. Бәс шарттары бойынша оған бәйге тігіледі. Бәйгені ұтылған жақ немесе ұйымдастырушылар төлейді. Оған дәмелілер қатысады. Бұл көпшілік алдында өтеді. Бәс жеңімпаздары құрметке бөленеді, мақтау алады. Оның есімін де жұрт ұмытпай айтып жүреді. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта кезінде Шығыс Қазақстанда өмір сүрген Малмақ деген өте күшті адам бір үлкен аста салмағы 700 келідей тасты көтеріп әкелген. «Малмақ» көтерген тас деп аталатын осы ескерткіш бұл күндері Үржар ауданында жатыр. Карон палуанмен бәсте Балуан Шолақ (1864-1919) 51 пұт кір тасын көтерген. Арқаның әйгілі палуаны Таңатқан Дүйсекейұлы (1899-1966) бәске тігілген атан өгізді көтеріп әкеткен.
ХІХ ғасырдың орта кезінде саяхатшы-зерттеуші орыстармен бәстесіп Ораз деген кісі Маңғыстаудағы Шерқала атты биік шың басынан секіріпі, жерген аман түскен. Содан бастап бұл жер «Ораз ұшқан» деп аталады. Осындай бәсте кейде кісі күлерлік ерсі жайлар да кездесе береді. ХІХ ғасырда Тінет руы Шінтән деген кісі тірі кесірткені жұтып жіберіп жақы киген. Сол сияқты сары масаға таланып 4 сағат қозғалмай отырғандар, бір қойдың етін бір өзі жеп кеткендер де ел ішінде жиі кездескен. Бәске өзіне сенген мықтылар мен күштілер, ерік-жігері мол жігіттер қатысқан.
Сейіт Кенжахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабынан.