- Негізгі бет
- Рухани жаңғыру
- Ыстамбұлда әлемнің...
Ыстамбұлда әлемнің екінші ұстазының музей-үйі ашылды
Елбасы өзінің “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында Қазақстан жері Ұлы Түркілердің отаны болғанын, мысалы Отырар қаласы Әл-Фараби, Ахмет Яссауи сынды ғұламаларды өмірге әкелгенін айтады.
“Біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет”, - дейді.
Ұлы бабамыздың шығармаларын насихаттау мақсатында Түркия еліндегі Ыстамбұл қаласында Елбасының “Рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ыстамбұл қалалық әкімдігімен бірлесе отырып, Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ және Түркиядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен Әл-Фараби музей-үйін ашты.
©bilimdinews.kz
Музей-үйдің ашылуы 2020 жылы ЮНЕСКО қолдауымен халықаралық деңгейде атап өтілетін ғұлама ғалының 1150 жылдығына арналған. Мұражай – ортасындағы Түркі Әлемі этнографиялық мұражай-кешенінде орналасқан. Оған музей-үйін ашуға Түркі елінің белді саясаткерлері, қоғам қайраткерлерімен қатар дипломанттары да қатысты.
Бұл жобаны ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде таныстырып, осы ұйымның қолдауымен оны халықаралық деңгейде жүзеге асыру ұсынылды.
“Әл-Фарабидің үлкен ғылыми тұжырымдамалары қазіргі уақытта ерекше бағаланып отыр және керек боп отыр. Ғалым “Қайрымды қала” тұрғындары қалай болу керек екенін, қоғам қалай даму керек екенін, болашақ қандай болу керек екенін жазып, бізге мұра етіп қалдырған. Әл-Фарабиді дәріптей отыра біз өз ұлтымыздың, мәдениетін халықаралық дәрежеде биік деңгейге көтереміз деп ойлаймын”, - деді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.
“Әл-Фараби тек Шығыс әлемі үшін емес, батыс әлемі үшін де айтулы түлға. Ғұламаның шығармаларын зерттеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз”, - дейді Шенгүл Арслан.
Музей-үй бірнеше бөлімнен тұрады. бұл жерде ғалымның өмірінен алынған құнды деректер бар. сонымен бірге, мүсіндік композициялар, ғалымның еңбектері мен ойшыл трактаттары қойылған.
©bilimdinews.kz
“120 көркем фильм мен 30-дай телехикаяға түстім. Мен үшін ұлы ойшылдың орны ерекше. Түркияда ғалымды жақын тану үшін фильм түсіруді жоспарлап отырмын. Музейдегі құнды жәдігерлер мен композициялар бастаған жобама дұрыс жол көрсететініне сенімдімін”, - дейді актер Сердар Гөкхан.
Мұражайды кез келген адам тамашалай алады. шетелдік қонақтар мен студенттерге арнайы курс пен бағдарламалар дайындалған.
Айта кетейік, Әбу Насыр Әл-Фараби шамамен 870-950 жылдары өмір сүрген ойшыл, философ, музыканы зерттеуші, математик-астроном. 70-ке жуық тіл білген. География, жаратылыстануғ астрономия, физика, медицина, музыка және математика жайлы 150 трактат жазып қалдырған. атақты Аристотельдің “Метафизика”, “Бірінші және екінші аналитика”, Категория” сынды еңбектерін талдап, түсіндірген. Ссондықтан оны “әлемнің екінші ұстазы” дейді.
Т. Раушанұлы