- Негізгі бет
- РИО-2016
- Тағы екі алтын...
Тағы екі алтын аламыз - Алексей Ни
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты данышпан әрі дарынды спортшы деп атады.
Жарыс аяқталған соң Ни оның әдіс-тәсілі туралы және қарсыластаран қалай айласын асырғанын айтып берді. "Бірінші жаттығудан кейін қытайлыққа - 12 келі, армянға - 9 келі ұтылып жаттық. Бізге ешкім сенбеген. Біз серпе көтеруде 202 көтердік - осымен бітті деп ойлады. Олар бізді осымен барлық өнерін көрсетті деп ойлады. Қытайлық - Олимпиада чемпионы. Біз 12 келі қосып 214 келіні бірақ көтердік. Олар мұны күтпеген болатын", - деді Ни.
Оның айтуынша, Рахимовпен осылай нар тәуекелге баруға болады. "Мұндай адамдар тек екеу ғана болатын - Анатолий Храпатый 205 келі көтеріп, сосын 225 келіні бірден бағындыратын, сосын Илья Ильин. Мұндай адамдармен қуана жұмыс істейсің. Не істесең де, өзің білесің және сенен барлығы қорқады. Ешкім мұндайды, яғни әлемдік рекордтан 4 келіні артқа тастап 12 келіні бірден қоспайды. Бұл менің бірінші тәжірибем. Үшінші мүмкіндікті қолданбады, ол болдырып қалар еді. Бізге барлығын жасау керек болды. Біз алтын аламыз деп уәде бердік қой. Жігіт - данышпан әрі дарынды", - деді ол.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері ел қоржынына тағы да екі алтын алатын алып келеміз деп уәде етті.
Еске салайық, Нижат Рахимов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Дереккөз: tengrinews.kz