- Негізгі бет
- РИО-2016
- Риоға баратын дзюдшыларымыздың...
Риоға баратын дзюдшыларымыздың саны тағы бір балуанмен толықты
Риоға баратын дзюдшыларымыздың саны тағы бір балуанмен толықты. Бұл туралы IJF ресми түрде хабарлады.
Осыған дейін олимпиадаға жолдама алған канадалық Артур Маргелдионның қанынан допинг табылып, ол уақытша жарыстардан шеттетіліп, Рио олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Енді оның орнына Олимпиадаға әлемдік рейтинг бойынша резервте тұрған қазақ балуаны Дидар Хамза (73 келі) барады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ дзюдошыларынан Олимпиада ойындарына Елдос Сметов (60 келі), Жансай Смағұлов (66 келі), Максим Раков (100 келі) жолдама жеңіп алған болатын.
Дзюдошыларымыз Риода жарысты тамыздың 6-сы күні жергілікті уақыт бойынша 10.00-де (Астана уақытымен 19.00-де) бастайды. Ең бірінші болып бөз кілемге әйелдер арасында 48 келіде О. Галбадрах пен ерлер арасында қазақ елі үкілеп үміт артып отырған Е. Сметов сынға түседі. Финал 15.30-да (Астана уақытымен 7 тамыз, 00.30-да).
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы