- Негізгі бет
- РИО-2016
- Рио Олимпиадасының жарыс...
Рио Олимпиадасының жарыс кестесі
5 тамыз күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды. ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Хабар» арнасы көрсетеді. Осы орайда назарларыңызға жарыс кестесін ұсынып отыр
Сонымен қатар, Олимпиада ойындарын «Kazsport» және «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.
Ойындар кестесі Астана уақытымен көрсетілген:
6 тамыз. 03:00 – XXXI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы
Академиялық ескек есу
6 тамыз. Басталуы – 17:30
8 тамыз. Жартылай финал. Басталуы – 17:30
9,10,11 тамыз. Финал. Басталуы – 17:30
Академиялық есуден Қазақстанның намысын Владислав Яковлев пен Светлана Германович қорғайды.
Бокс
6 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 49, 60, 81,91 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 22:30 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:00.
7 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 60, 69, 81 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 22:30 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:00.
8 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 49, 69, 75, 91 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:00 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 05:00 аралығы).
9 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 60, 75, + 91 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 22:15 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:15 аралығы.
10 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 49, 56, 64, 81, 91 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:00 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 05:00 аралығы.
11 тамыз. Іріктеу сайыстары (Ерлер: 56, 64, 69, 81 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:00 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 05:00 аралығы.
12 тамыз. Жартылай финал (Ерлер: 49,60,75 келі). (Әйелдер:51, 60 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:45 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:45 аралығы.
13 тамыз. Іріктеу және жартылай финал (Ерлер: 52, 69, 91, +91 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:45 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:45 аралығы.
14 тамыз. Финал (Ерлер:49 келі). Іріктеу және жартылай финал (Ерлер:56, 60, 64, 81 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:45 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 05:15 аралығы.
15 тамыз. Финал (Ерлер: 52,69,75 , 91 келі). Іріктеу сайыстары (Әйелдер: 60 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:00 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:30 аралығы.
16 тамыз. Финал (Ерлер: 56,60, 64,81, 91 келі). Іріктеу сайыстары (Әйелдер:51 келі). Күндізгі сессия – 20:00 – 23:15 аралығы. Кешкі сессия 02:00 – 04:45 аралығы.
17 тамыз.Финал (Ерлер: 52,69 келі). Іріктеу сайыстары (Әйелдер: 60, 75 келі). 23:00 – 02:00 аралығы.
18 тамыз. Финал (Ерлер: 56,75,81келі). Іріктеу сайыстары (Әйелдер: 51 келі). 23:00 – 01:00 аралығы.
19 тамыз. Финал (Ерлер: 52, 64, +91 келі). (Әйелдер:60 келі). 23:00 – 01:30 аралығы.
20 тамыз. Финал (Ерлер: 56,75 келі). (Әйелдер: 51 келі). 23:00 – 00:30 аралығы.
21 тамыз. Финал (Ерлер: 52, 64,+ 91 келі). (Әйелдер:75 келі). 23:00 – 01:00 аралығы.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет толық құрамда өнер көрсетеді. Бразилия шаршы алаңында Қазақстан намсын Біржан Жақыпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Иван Дычко (+91 келі) қорғайды. Ал әйелдер арасында Жайна Шекербекова (51 келі) мен Дариға Шәкімова (75 келі) сынға түседі.
Әйелдер күресі
17 тамыз (Әйелдер: 48, 58 69 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 01:00.
18 тамыз (Әйелдер: 53, 63, 75 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 01:00.
Әйелдер күресінен Қазақстанның намысын Жұлдыз Ешімова (48 келі), Екатерина Ларионова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Гюзель Манюрова (75 келі) қорғайды.
Желкенді спорт
8 тамыз. Іріктеу сайыстары. Басталуы – 21:30
11 тамыз. Финал. Басталуы – 21:30.
Спорттың бұл түрінен Қазақстаннан жалғыз спортшы аттанды. Ол – Ксения Кондратенко.
Байдарка және каноэ есу
Каноэ есуден 200 және 500 метр қашықтық бойынша жекелей сайыста Тимур Хайдаров өнер көрсетеді. Ал Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев екеуі 1000 метрге «байдарка-2 бағдарламасы» бойынша жарысқа түседі. Сергей Токарницкий 200 метрге жекелей додаға түседі. Сондай-ақ Андрей Ергучевпен екі кісілік қайықта және 1000 метрге Илья Голендов, Андрей Андрей Ергучев, Александр Емельяновтармен бірге төрт кісілік қайықта жарысады.
Қыздардан Инна Клинова 200 метрге бір кісілік қайықта және Ирина Подойникова Зоя Ананченко, Наталья Сергеевалармен бірге төрт кісілік қайықта сынға түседі. Сондай-ақ «байдарка-2 бағдарламасы» бойынша Подойникова мен Сергеева, 500 метрге жекелейде Ананченко өнер көрсетеді.
Бұл спорт түрінен жарыс 7-20 тамыз аралығында өтеді. Тікелей эфирден 18:00-ден бастап көруге болады.
Дзюдо
6 тамыз (Ерлер: 60 келі, әйелдер 48 келі). Іріктеу және ширек финал. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 00:30.
7 тамыз (Ерлер: 66 келі). Іріктеу және ширек финал. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 00:30.
8 тамыз (Ерлер: 73 келі). Іріктеу және ширек финал. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 00:30.
9 тамыз (Әйелдер: 63 келі). Іріктеу және ширек финал. Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 00:30.
11 тамыз (Ерлер: 100 келі). Басталуы – 19:00. Финал. Басталуы – 00:30.
Дзюдодан ел намысын Елдос Сметов (60 келі), Жансай Смағұлов (66 келі), Дидар Хамза (73 келі), Максим Раков (100 келі) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі) мен Мариан Ордабаева (63 келі) қорғайды.
Жеңіл атлетика
• - Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Екатерина Эктова (үш қарғып секіру);
• - Ольга Сафронова, Виктория Зябкина (100, 200 метр, эстафета 4х100 метр);
• - Рима Кашафутдинова (100 метр, эстафета 4х100);
• - Светлана Голендова, Анастасия Тулапина, Юлия Рахманова (эстафета 4х100);
• - Анастасия Пилипенко, Әйгерім Шыназбек (100 метр);
• - Анастасия Кудинова, Элина Михина (400 метр);
• - Александра Романова (400 мерге кедергілер арқылы секіру)
• - Маргарита Мукашева (800 метр);
• - Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова (спорттық жүріс);
• - Гүлжанат Жанатбек, Ирина Смольникова (марафон);
• - Мария Телушкина (диск лақтыру)
• - Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілер арқылы секіру);
• - Михаил Красилов (марафон);
• - Георгий Шейко (20 шақырымға спорттық жүріс);
• - Роман Валиев (үш қарғып секіру);
• - Иван Иванов ( ядра лақтыру).
Жеңіл атлеттердің жарысы 12 тамызда басталып, Олимпиаданың соңғы күніне дейін жалғасады. Жарыс уақыты – 18:30-де басталады. Кешкі сайыстар – 04:00-де болады.
Үстел теннисі
6 тамыз. Басталуы – 18:00. 12 тамыз.Финал – 05:00
Бразилияда үстел теннисінен Кирилл Герасименко қатысады.
Батуттан секіру
13 тамыз. Ерлер. Басталуы 23:00
Бұл спорт түрінен Қазақстан намысын жалғыз Пирмаммад Алиев қорғайды.
Синхронды жүзу
14 тамыз. Дуэт. Еркін бағдарлама. Басталуы – 20.00.
15 тамыз. Дуэт. Міндетті бағдарлама Басталуы – 20.00.
16 тамыз. Дуэт. Финал. Басталуы – 23.00.
Синхронды жүзуден қарағандылық спортшылар Александр мен Екатерина Немичтер өнер көрсетеді.
Қазіргі бес сайыс
18 тамыз. Ерлер. Басталуы – 19:00, әйелдер – 23:30
Бес сайыстан Қазақстан Олимпиада құрамасы сапында Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко бар.
Нысана көздеу
6 тамыз. Басталуы – 17.30.
Нысана көздеуден Юрий Юрков, Елизавета Король, Рашид Юнусметов, Владимир Исаченко. Кабырғаға оқу атудан Мария Дмитриенко қатысады.
Садақ ату
Садақ атудан Қазақстаннан екі спортшы кетті. Ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев, қыздар арасында Луиза Сайдиева бар.
8 тамыз. Басталуы – 18:00.
Үлкен теннис
6 тамыз. Жекелей және жұптық ойындар басталады. Уақыты – 19.45.
Олимпиада алдында Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева жарақаттарына байланысты қатыспайтындарын айтты. Риоға тек Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова ғана аттанды. Алғашқысы жекелей және командалық сайыста да жарысқа қатыса алады.
Таеквондо
17 тамыз. (Әйелдер: 49 келі. Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00. 18 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00.
19 тамыз. (Әйелдер: 67 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00.20 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00.
20 тамыз. (Ерлер: +80 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00.21 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00.
Таеквондодан тек үш спортшы ғана жолдама иеленді.Олар: Жансель Дениз (67келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Руслан Жапаров (80келі). Руслан Олимпиаданың ашылу салтанында Қазақстанның туын ұстап шығады.
Ауыр атлетика
7 тамыз. Әйелдер: 48 келі. Финал – 04.00.
8 тамыз. Ерлер: 56 келі. Финал – 04.00.
9 тамыз.Ерлер: 62 келі. Финал – 04.00.
10 тамыз.Әйелдер: 63 келі. Финал – 04.00.
11 тамыз. Ерлер: 77 келі. Финал – 04:00. Әйелдер. 69 келі. Финал – 00:30.
13 тамыз. Ерлер: 85 келі. Финал – 04:00.
16 тамыз. Ерлер:105 келі: Финал – 04:00.
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Олимпиада ойындарына қатысатын 8 спортшыны әкетті. Өкінішке қарай, допинг дауына іліккен Илья Ильин бастаған атлеттеріміз төрт жылдықтың басты додасынан тыс қалып отыр. Дегенмен Бразилиядағы аламан додаға қатысатын басқа атлеттерден үлкен үміт күтуге болады.Олар: Маргарита Елисеева (48 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Арли Чонтей (56 келі), Фархат Харки ( 62 келі),Нижат Рахимов(77 келі), Денис Уланов (84 келі), Александр Зайчиков ( 105 келі).
Семсерлесу
11 тамыз. Ерлер арасында жекелей сайыс. Финалдық кезең – 03:00.
Семсерлесуден Қазақстаннан тек Илья Мокрецов қатысады.
Көркем гимнастика
19 тамыз. Басталуы – 19:00.
Көркем гимнастикадан ел намысын Әлия Юсупованың шәкірті Сабина Әшірбекова қорғайды.
Салтанатты жабылу рәсімі 21 тамыздан 22 тамызға қараған түні. Басталуы –03:00).
Олимпиада ойындарын отандық үш арна көрсетеді («KazSport», «Хабар», «Қазақстан»).
Айта кетейік, Рио Олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді.