Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Риодағы жазғы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде пуэрто-рикаалық боксшы Хавьер Хесус Синтронды ұтты.
52 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын отандасымыз намысты қолдан берген жоқ. Бірінші раундта төрешілер басымдықты қарсыласына бергенмен, екінші және үшінші раундта өзіне сенімді жұдырықтасып, жеңіске жете білді. Нәтижесінде төрешілер 2:1 есебімен қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Олжас Сәттібаев 1/8 финалда әзірбайжандық боксшы Эльвин Мамишзадемен жұдырықтасады. Ол – 1991 жылғы 17 желтоқсанда туған. Әлемнің 2015 жылғы, Еуропа ойындарының 2015 жылғы чемпионы, Еуропаның 2010 жылғы – күміс, 2013 жылғы қола жүлдегері.