Танымал америкалық «Forbes» басылымы Бразилиядағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын жылдық табысы ең жоғары 10 спортшының тізімін жариялады. Бұл тізімде көш басына америкалық баскетболшы Кевин Дюрант орналасқан.
Кевин Дюрант - баскетболдан АҚШ ұлттық құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Өткен жылы 56,2 миллион доллар табысқа кенелген. Жақында ғана «Оклахома» командасынан «Голден Стейт Уорриорз» командасына ауысқан болатын.
«Forbes» басылымындағы жылдық табысы жоғары спортшылар рейтингінде екінші орынға теннисші Новак Джокович орналасқан. Оның жылдық табысы 55 миллион АҚШ долларын құраған. Ал үштікті 37,5 миллион доллармен бразилиялық танымал футболшы Неймар түйіндеп тұр.
Олимпиадаға қатысатын жылдық табысы ең жоғары 10 спортшы:
1. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол, жылдық табысы - 56,2 ммллион доллар)
2. Новак Джокович (Сербия, теннис, 55,8 млн)
3. Неймар (Бразилия, футбол, 37,5 млн)
4. Рафаэль Надаль (Испания, теннис, 37,4 млн)
5. Кеи Нисикори (Жапония, теннис, 33,5 млн)
6. Усэйн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика, 32,5 млн)
7. Кармело Энтони (АҚШ, баскетбол, 30,9 млн)
8. Серена Уильямс (АҚШ, теннис, 28,9 млн)
9. Кайри Ирвинг (АҚШ, баскетбол, 27,6 млн)
10. Пол Джордж (АҚШ, баскетбол, 24,1 млн)