- Негізгі бет
- РИО-2016
- Олимпиада ашылуындағы Қазақстан...
Олимпиада ашылуындағы Қазақстан құрамасы (видео)
Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиаданың ашылу рәсімі өтіп жатқан «Маракана» стадионымен жүріп өтті. Спортшылар шеруінде еліміздің Туын таэквондошы Руслан Жаппаров көтеріп шықты.
28 спорт түрінен 306 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын додаға еліміздің атынан 104 спортшы қатысады. Атап айтар болсақ, бокстан ерлер толық құрамда (10 боксшы) қатысады. Сондай-ақ қыздар арасындағы бокста да екі спортшымыз бар. Еркін күресте – 5, грек-рим күресінде – 3, әйелдер арасындағы күресте 4 балуанымыз боз кілемге шығатын болады. Велоспорттан – 3, көркем гимнастикадан – 1, акробатикадан – 1, академиялық ескек есуден – 2, байдарка мен каноэ есуі бойынша – 11, кедергілерден өту спортынан – 1, дзюдодан – 6, жеңіл атлетикадан – 26, жүзу спортынан – 3, синхронды жүзуден – 2, бессайыстан – 2, садақпен оқ атудан – 2, нысана көздеуден – 5, таеквондодан – 3, теннистен – 2, үстел теннисінен – 1, ауыр атлетикадан – 8, семсерлесуден 1 спортшы жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына алғаш рет 26 спорт түрі бойынша қатысқалы жатыр. Осыған дейін 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға 22 спорт түрі бойынша қатысқан еді.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.
О. Сансызбай