Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Демек, әр елден келген ұлттық құраманың 2016 жылғы спорт киімін сынап, баға беретін күн де алыс емес. Әсіресе, Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатында қатысушылар мемлекетті туларының астында шерумен өтетін сәтте Олимпиада киімдерімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік желілерде біздің Олимпиада ойыншыларының киімдеріне қатысты үлкен дау туып еді. Бір топ ұнамады десе, екінші топ қолдау көрсетті.
Бұл – біздің олимпиадашылардың алдағы ойынға елді таныстыратын спорттық киімдері. Бірақ, спорттық киім де, шеруге арналған үлгі де бұдан өзгерді.
Соңғы мақұлданған спорттық үлгі ақшыл көк түске ие. Форманы өзгертуге Риода жүріп жатқан жұқпалы Зика ауруы себеп болған. Олай болса, өзге елдің олимпиада киімдерімен салыстырып көрейік.
Отандық дизайнер Құралай Нұрқаділова да өз нұсқасын ұсынды.
Айыр қалпақты бауырларымыздың Олимпиада шеруіне арналған киімі тым ерекше.
Канада ұлттық құрамасының формасын ағайынды дизайнерлер Дэн және Дин Кейтен DSquared2 брендімен дайындаған. Тудың түсіне сәйкес келетін спорттық киім заманауи үлгіде жасалғаны көрініп тұр.
Кубалық ұлттық құрама түгелімен шалбар киетін боп шешкен. Форманың дизайнері – Кристиан Лубутен.
Шведтік бренд H&M олимпиада және параолимпиада ойыншыларына арнап, ел туының түсімен үндестіре арнайы киімді ұсынған. Киімдеріндегі "Швеция" деген жазумен және патриоттық образбен дайындалған спорттық киім қатысушыларға зор демеу болатыны сөзсіз.
Ұлыбританиялық споршылардың олимпиадалық киім үлгісін Adidas бренді ұсынған. Стеллы Маккартни есімді дизайнердің ойымен жасалған киімге елтаңба көп бейнеленген.
Биыл АҚШ құрамасын тағы да дизайнер Ральф Лорен "киіндірген". Классикалық образдан айнымай, мемлекеттік тудың түсіне сәйкес дайындаған. Алайда Халырақалық Олимпиада комитетінің спорттық үлгісіне сәйкес емес деп сын айтушылар қатары көп екен.
Франциялық құрама Рене Лакосто негізін қалаған Lacoste брендінің киімімен елін таныстырмақ. Француз формасының стилін көпшілік тым "салмақты" десе, енді бірі жастарға үйлеспейді деген.
Оңтүстік Корея құрамасы америкалық құрама секілді классикалық образды ұстанған. Киімнің басты ерекшелігі маса арқылы жұғатын Зика вирусынан қорғайды. Көршілес Ресей елі де осы елдің қорғану әдісін пайдаланған екен.
Бұл – ресейлік олимпиадаға қатысушыларының шеру киімі.
Аустралия құрамасы 1924 жылы Олимпадада бақ сынаған құраманың үлгісі негізінде жасаған екен. Рестростильмен ерекшеленген мына киім үлгісі де Зика жұқпалы аурынан сақтандырылған.