Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Үш қарғып секіру сынында бақ сынайтын отандасымыз финалдық кезеңде 14,74 метрге қарғыды.
Финалдық кезеңде отандасымыз үздік нәтижесін (14,74 метр) бесінші мүмкіндігінде көрсетті. Ал оның басты қарсыласы саналған колумбиялық Катрин Ибаргуэн төртінші мүмкіндігінде 15,17 метрге секіріп, Олимпиада чемпионы атанды. Күміс венесуэлалық спортшы Юлимар Рохасқа бұйырды. Ол 14,98 метрге секірді.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова Лондондағы Олимпиада ойындарында 14,98 метрге секіріп Олимпиада чемпионы атанған болатын.