Қазақстандық жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Риодағы доданың финалдық кезеңіне жолдама алды. Отандасымыз іріктеу кезеңінде 14,39 метрге секірді.
Үш қарғып секіруден бақ сынайтын қазақстандық спортшы бірінші мүмкіндігінде 14,10 метрге секірді. Екінші мүмкіндігінде өз нәтижесін жақсартып, финалдық кезеңге өтті. Ал басты қарсы саналатын колумбиялық Катрин Ибаргуэн алғашқы мүмкіндігінде-ақ 14,79 метрге қарғып, финалдық кезеңге жолдама алды. Финалдық кезең 15 тамыз күні таңғы сағат 06:00-де өтеді.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова Лондондағы Олимпиада ойындарында 14,98 метрге секіріп Олимпиада чемпионы атанған болатын.