Аса ауыр салмақта белдесетін қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев алғашқы белдесуінде неміс балуаны Эдуард Попқа есе жіберді.
Қос балуан боз кілемде бір-біріне қарсы ұтымды әдіс жасай алған жоқ. Бірінші кезең аяқталар тұста неміс балуаны Нұрмаханды кілемнен шығарып, бір ұпайға ие болды. Нәтижесінде сол бір ұпай жеңімпазды анықтап кетті.
Эдард Поп финалға шығатын болса, отандасымыз жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.