- Негізгі бет
- РИО-2016
- Левитке алтын медаль...
Левитке алтын медаль жасауға қаражат жиналуда
Қазақстандықтар Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалында әділетсіздікпен жеңіліс тапқан боксшы Василий Левитке «алтын медаль» жасап беруді шешті.
«Facebook-тегі халайық! Біз бүгін түнде олимпиадалық жалғандық пен қастандықтың куәгері болдық. Бокс жекпе-жегінде біздің чемпион Василий Левит өз қарсыласынан бір саты жоғары болды. Төрешілер ресейлік боксшы Тищенкоға әділетсіз жеңіс сыйлады. Әуесқой бокстағы жемқорлық ауқымды көлемге жетті», - деп жазды танымал блогер Ғалым Байтоқ. - Мен ресейлік сайттарды сүзіп шықтым, онда ресейліктердің өздері де отандасының бұл жеңісі жалған екендігін мойындап, Василий Левитті чемпион деп атады! Мұнда шындық бар және спорт тарихында төрешілердің қастандық етуінен жапа шеккен спортшыларға адамдар халықтық марапат көрсеткен кездер аз емес! Осы орайда, орын алған әділетсіздікке байланысты, Василий Левитке «Халықтың сүйіктісі» ұлттық марапаты аясында «Халықтың чемпионы - Народный чемпион» атағын беріп, Риодағы Олимпиада жүлдесі стилінде оған АЛТЫН МЕДАЛЬ табыстауды ұсынамын!».
Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкінің Теңге сарайы аталмыш медальді алтыннан аптап беруге дайын. Оның құны 1 миллион теңгеге шығады екен.
«Медаль халықтық сипатқа ие болу үшін және оны барша халық атынан табыстау үшін аталмыш қаражатты халық болып жинауды ұсынамын», - делінген оның Фейсбуктегі парақшасында.
Медальдің дизайнын танымал мүсінші әрі дизайнер Олжас Мұхамедиұлы жасап беруге уәде еткен.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы