- Негізгі бет
- РИО-2016
- Левит - Тищенко...
Левит - Тищенко жекпе-жегінің нәтижелерін қайта қарау ұсынылды
Қазақстанда Левит - Тищенко жекпе-жегінің нәтижелерін қайта қарауға өтініш жазу ұсынылды.
Еске салайық, кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. Алайда Тищенконың жеңісі жарияланған кезде залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандық осы жекпе-жекке қатысты ойларын бөлісіп жатты.
"Достар, тіпті әлемдік ақпарат құралдары біздің отандасымыз Василий Левиттің қатысуымен өткен финалдағы әділетсіз болған төрелік жайында мәлімдеме жасап жатыр. Мүмкін Василий Левитке қолдау көрсетіп, қол жинап, Халықаралық бокс федерациясына финалдағы жекпе-жектің нәтижелерін қайта көру керек екеніміз жайлы өтініш қалдыру керек шығар?", - деп жазды ҚР инвестициялар және дамудың бұрынғы вице-министрі Рахым Ошақбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
"Жекпе-жектің нәтижелерін қайта қарап шыққан жағдайдың өзінде біз чемпионымызға кем дегенде моральдық көмек көрсетіп, Олимпиада ойындарында әділ төреліктің орнауына қолдау көрсетеміз", - деді бұрынғы вице-министр.
Саясаттанушы Мұрат Әбенов те Левит - Тищенко жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
"Егер бокстағы осы төрешілерді допингке тексеретін болса, олардың сынамаларында бос орын болмайды. Осыдан кейін де бізге олимпиададағы мінсіз нәрселер жайлы айтып жатады", - деп жазды Әбенов Facebook желісіндегі парақшасында.
Ал әлемдік бокстың мамандары да Twitter желісінде осы жекпе-жектегі төрелік жайлы пікір білдірді. Аргентиналық кәсіпқой боксшы Серхио Мартинес былай деп жазды: "Мен қазақстандық жігітті 91 келі салмақ дәрежесіндегі финалда жеңіске жетті деп санаймын".
FightNights.com порталы да өз ойын бөлісті: "Егер біз төрелік және фавориттер жайлы айтатын болсақ, әуесқой бокс кәсіби боксқа қарағанда әлдеқайда нашар".
Ал ESPN басылымының шолушысы әрі комментатор Дэн Рафаель былай деп жазды: "Мен осы уақытқа дейін Олимпиада ойындарында куәгер болып келген төреліктерімнің барлығы жақсы болды. Бірақ мына нәтиже жаман болды. Өте жаман".
Ирландиялық боксшы Tommy McCarthy болса "Левит оны рингте әбден сабады. Жабайылық!" деп жазды.
Дереккөз: tengrinews.kz
Е. Жұмабайұлы