- Негізгі бет
- РИО-2016
- Қазақстандық соңғы спортшы...
Қазақстандық соңғы спортшы да Олимпиаданы аяқтады
Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарын аяқтады. Соңғы болып жарыс жолына шыққан марафоншы Михаил Красилов мәре сызығын 101-ші болып кесті.
Марафон қашықтығын (42 шақырым, 195 метр) қазақстандық спортшы 2 сағат 26 минут 11 секундта жүгіріп өтті.
Марафон – Олимпиада ойындарындағы ең ежелгі әрі басты спорт түрінің бірі. Жарыстың соңғы күні ұйымдастырылады. Риодағы додада кениялық Элиуд Кипчог топ жарды. Ол 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 8 минут 44 секундта жүгіріп өтті. Күміс эфиопиялық Фейисе Лилесеге бұйырды. Ол Олимпиада чемпионынан 1 минут 10 секундқа қалып қойды. Қола америкалық Гален Раппқа бұйырды. Ол Элиуд Кипчогтан 1 минут 26 секундқа кеш келді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Риода 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншіледі. Жалпыкомандалық есепте 21-орында келеді.
О. Сансызбай