Еркін күрестен боз кілемге шыққан қазақстандық балуан қыздар Жұлдыз Ешімова мен Эльмира Сыздықова Риодағы алғашқы белдесулерінде-ақ жеңіліс тапты.
48 келіге дейінгі салмақта белдесетін Жұлдыз Ешімова алғашқы белдесуінде жапон спортшысы Эри Тосакаға 6:0 есебімен есе жіберді. Ал 69 келіге дейінгі салмақтағы Эльмира Сыздықова ресейлік Наталья Воробьевадан 4:1 есебімен жеңілді.
Отандастарымыздың қарсыластары финалға өтетін болса, Жұлдыз бен Эльмира жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласатын болады.