48 келіге дейінгі салмақта белдесетін қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын моңғол қызы жұбаныш белдесу арқылы ірі жетістігіне қол жеткізді.
Галбадрах Отгонцэцэг қола медальға таласта кубалық Местре Альваресті айқын ұтып шықты. Ал оған дейін алғашқы белдесуінде Гвинея-Бисау елінің спортшысы Тациана Лимоны жеңсе, ширек финалда жапон спортшысы Кондо Амиге есе жіберіп алған болатын. Жұбаныш белдесуде Венгрия спортшысы Эва Черновицкиді ұтты.
Айта кетейік, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов финалға шықты.