Қазақтың балуан қызы Эльмира Сыздықова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз алғашқы белдесуінде ресейлік Наталья Воробьевадан 4:1 есебімен жеңілгенмен, жұбаныш белдесу арқылы (ресейлік спортшының финалға шығуының нәтижесінде) қола медальға қол жеткізе білді.
69 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шығатын Эльмира Сыздықова қола медальға таласта мысырлық Ахмед Юнес Мустафа Юсуфты 7:4 есебімен жеңді. Ал оған дейінгі белдесуінде моңғол қызы Насанбурба Очирбатты 3:2 есебімен ұтқан болатын.
Жұбаныш белдесуде 48 келіге дейінгі салмақта Жұлдыз Ешімова да қола жүлдеге таласты. Өкінішке орай, отандасымыз бұл белдесуінде қытайлық Сунь Юнянға жол беріп алды.