Қазақстандық балуан қыз Екатерина Ларионова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жүлделі орынға таласта америкалық Елена Пирожкованы жеңді.
63 келіге дейінгі салмақта белдесетін Екатерина Ларионова бірінші кездесуінде Беларусь елінің балуаны Мария Мамашукка есе жіберіп алған-ды. Беларусь қызы финалға шығып, отандасымыз қола медальға таласуға мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесудің алғашқысында швед балуаны Хенна Йоханссонды жеңсе, қола медальға таласта америкалық Елена Пирожкованың иығын жер иіскетті.