- Негізгі бет
- РИО-2016
- Дмитрий Баландин финалдық...
Дмитрий Баландин финалдық кезеңге жолдама алды
Фото:
google.kz
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалдық кезеңге өтті. Жартылай финалда бесінші нәтижені көрсетсе, уақыт бойынша сегізінші орын алды.
Дмитрий Баландин финалдық кезеңге өтіп, үздік 8 спортшының қатарына еніп отыр. Шешуші кезең ертең таңертең Астана уақытымен сағат 7:53 кеткенде басталады. Ал 9 тамыз күні қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатысады.
Айта кетейік, 21 жастағы Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр. Осыған дейін 2014 жылы Азия ойындарында, 2015 жылы Универсиадада жеңіс тұғырынан көрінген болатын.
О. Сансызбай