Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады
Фото: vesti.kz

Бүгін Риодағы Олимпиада ойындарында төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ дзюдо спортынан ел сенім артқан балуандарымыздың бірі Максим Раков жүлдеге таласатын болады.

Олимпиаданың бесінші күні қазақ спортшылары үшін аса сәтті өтті. Отандастарымыз алтыншы күні де жарыс жолына шығатын спортшыларымыздан үлкен үміт күтеді. Олай болса бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымыздың жарыс кестесімен таныс бола отырыңыздар.

Спорт түрі: Ату. Үш түрі жағдайда винтовкадан оқ ату. Әйелдер. Іріктеу

Спортшы: Елизавета Король

Басталуы: сағат 18.00

 

Спорт түрі: Дзюдо. Ерлер. 100 келіге дейінгі салмақта

Спортшы: Максим Раков

Басталуы: Іріктеу кезеңі мен ширек финалдар 19.00-де басталады. Репешаж, жартылай финал, үшінші орын үшін талас және финал 00:30-де болады. Тікелей эфир (KazSport)

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер. 56 келіге дейінгі салмақта. 1\16 финал

Спортшы: Қайрат Ералиев

Басталуы: Жекпе-жектің басталуы: сағат 02.30. Тікелей эфир ("Хабар")

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер. 64 келіге дейінгі салмақта. 1\16 финал

Спортшы: Абылайхан Жүсіпов

Басталуы: Кездесу 03.15-де басталады. Тікелей эфир ("Хабар")

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер. 69 келіге дейінгі салмақта. 1\8 финал

Спортшы: Данияр Елеусінов

Басталуы: Сағат 04.15-де рингке шығады. Тікелей эфир ("Хабар")

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер. 81 келіге дейінгі салмақта. 1\8 финал

Спортшы: Әділбек Ниязымбетов

Басталуы: Жекпе-жек 04.45-де басталады. Тікелей эфир ("Хабар")

О. Сансызбай