Бүгін Рио Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың алты түрі бойынша бақ сынайды. Назарларыңызға 10 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.
Қазақстандық жанкүйерлер бүгін ауыр атлеттерден үлкен үміт күтіп отырғаны анық. Жарыс жолына Жазиира Жаппарқұл (69 келі) мен Ниджат Рахимов (77 келі) шығады. Қос спортшының өнерін «Қазақстан» арнасынан тамашалай аласыздар. Жазира Астана уақытымен түнгі сағат 00:30-да шықса, Ниджат сағат 04:00 – де жарысты бастайды.
Жүзуші Дмитрий Баландин де сәтті өнер көрсетіп келеді. 200 метрге брасс әдісімен жүзуде финалдық кезеңге өтті. Отандасымыз таңда Олимпиада жүлдесіне таласатын болады. Одан өзге қазақстандықтар велоспорттан 230 шақырымдық қашықтыққа созылған сында сегізінші келген Андрей Зейцтің де жарыс жолына шығуын асыға күтіп отырғаны анық. Сондай-ақ бүгін екі боксшымыз Біржан Жақыпов пен Василий Левит те кезекті кездесулерін өткізеді. Жарыс кестесі төмендегідей:
Спорт түрі: Академиялық ескек есу. Ерлер. Тапаншадан оқ ату (50 метр)
Спортшы: Владимир Исаченко, Рашид Юнусметов
Басталуы: сағат 18.00 (Астана уақытымен)
Спорт түрі: Садақ ату. Әйелдер. 1\32 финал
Спортшы: Луиза Сайдиева
Басталуы: сағат 18.30
Спорт түрі: Велоспорт. Шоссе. Жекелей сын
Спортшы: Андрей Зейц
Басталуы: сағат 19.00
Спорт түрі: Семсерлесу. Ерлер
Спортшы: Илья Мокрецов
Басталуы: сағат 22.05
Спорт түрі: Бокс. 49 келі салмақта. 1\4 финал
Спортшы: Біржан Жақыпов
Басталуы: Жақыпов 02.00-де рингке шығады. Тікелей эфир ("Хабар")
Спорт түрі: Бокс. 91 келі салмақта. 1\4 финал
Спортшы: Василий Левит
Басталуы: Левит 04.30-да рингке шығады. Тікелей эфир ("Хабар")
Спорт түрі: Ауыр атлетика. Әйелдер. 69 келі салмақта.
Спортшы: Жазира Жаппарқұл
Басталуы: Сағат 00.30. Тікелей эфир ("Қазақстан")
Спорт түрі: Ауыр атлетика. Ерлер. 77 келі салмақта
Спортшы: Нижат Рахимов
Басталуы: Сағат 04.00. Тікелей эфир ("Қазақстан")
Спорт түрі: Жүзу. Ерлер. Финал. 200 метр, брасс.
Спортшы: Дмитрий Баландин
Басталуы: Сағат 7:53. Тікелей эфир ("Қазақстан")