- Негізгі бет
- РИО-2016
- Алмат Кебіспаевтың жұбаныш...
Алмат Кебіспаевтың жұбаныш белдесуде де жолы болмады
Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Рио Олимпиадасында жүлделі орыннан көріне алмады. Отандасымыздың жұбаныш белдесуде де жолы болмады.
Грек-рим күресінде 59 келіге дейінгі салмақта белдесетін Алмат Кебіспаев алғашқы кездесуінде жарыстағы фавориттердің бірі ресейлік Ибрагим Лобазановты жеңгенмен, 1/8 финалда жапон балуаны Шинобу Отаға жол беріп алды. Шинобу финалға шыққаннан кейін қазақстандық балуанға қола медальға таласу үшін жол ашылды. Жұбаныш белдесуінде бірінші болып алты дүркін әлем және Лондон Олимпиадасының чемпионы ирандық Хамид Сорианды сүріндірді. Одан кейінгі белдесуінде норвег Стиг Андре Бергке 2:0 есебімен ұтылып, жүлдеден қағылды.
Айта кетейік, 75 келіге дейінгі салмақта белдескен Досжан Қартықов та екінші белдесуінде жеңілген еді. Оны жеңген әзірбайжан балуаны финалға өте алған жоқ. Нәтижесінде қазақстандық балуан жүлделі орыннан көріну мүмкіндігінен айырылды.
О. Сансызбай