Олимпиада тартысы күн өткен сайын қыза түсуде. Он алты күнге созылатын доданың төртінші күні де келіп жетті. Олай болса еліміздің намысын қорғайтын спортшылар туралы айта отырайық.
9 тамыз күні 15 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Бұл жүлдеге үміткерлер қатарында дзюдошы Мариан Урдабаева (63 келі) мен ауыр атлет Карина Горичева (63 келі) бар. Дзюдошылар жарысы Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де басталса, финалдық кезеңі түнгі 00:30-да өтеді. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады. Ал ауыр атлетиканы 00:30-дан бастап «Қазақстан» арнасы көрсететін болады.
Бүгін 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин жарыс жолына шығады. Кешкі сағат 22:50-де іріктеу кезеңі, 10 тамыз күні таңда жартылай финалдық кезең өтеді. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан көре аласыздар.
Академиялық ескек есу бойынша Владислав Яковлев пен Светлана Германович те жарыс жолына шығады.
Рио төрінде ел намысын қорғайтын спортшыларға толағай табыстар тілейміз.