8 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Рио Олимпиадасының үшінші күні жарыс жолына шығатын спортшыларды жанкүйер қауым асыға күтіп отырғаны белгілі. Олай болса бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер жүлдеге таласып, кімдердің іріктеу сынына қатысатыны туралы хабарлай отырайық.

8 тамызға арналған жарыс кестесі:

Спорт түрі: Нысана көздеу (ерлер, пневматикалық винтовка, іріктеу)
Спортшы: Юрий Юрков
Басталуы: 18:00

Спорт түрі: Садақ ату. (ерлер, әйелдер, іріктеу кезеңі)
Спортшылар: Сұлтан Дүзелбаев, Луиза Сайдиева
Басталуы:18.00

Спорт түрі: Академиялық ескек есу (ерлер, әйелдер, қосымша мүмкіндік).
Кто: Владислав Яковлев, Светлана Германович
Басталуы:18.30

Спорт түрі: Дзюдо. (ерлер, 73 келі)
Спортшы: Дидар Хамза
Басталуы: Іріктеу кезеңі сағат 19.00-де басталады. Финалдық кезең түнгі 00:30-да өтеді. («KazSport»)

Спорт түрі: Байдарка (әйелдер,
Спортшы: Екатерина Смирнова
Басталуы: 22.10

Спорт түрі: Ауыр атлетика (62 келіге дейінгі)
Спортшы: Фархад Харки
Басталуы: 04.00. («Қазақстан»)

Спорт түрі: Бокс

Спортшылар: 49 келі - Біржан Жақыпов М.Хамуниелмен (Намибия) кездеседі. Сағат түнгі 02:00 "Хабар" арнасында.

75 келі - Жанібек Әлімханұлы британиялық Энтони Фаулермен қолғап түйістіреді. Сағат түнгі 03:35 "Хабар" арнасында.

91 келі - Василий Левит қытайлық Ю Венгкаймен жұдырықтасады. Сағат түнгі 04:00 "Хабар" арнасында