Данияр Елеусінов Олимпиаданың ширек финалына шықты (видео)

Данияр Елеусінов Олимпиаданың ширек финалына шықты (видео)
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов Риодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз ұлыбританиялық боксшы Джош Келлиді айқын басымдықпен жеңді.

Алғашқы минуттардан ширақ қимылдаған Данияр Елеусінов өзіне сенімді өнер көрсетті. Бірінші раундта-ақ ұлыбританиялық боксшыны бірнеше жойқын соққыларымен есеңгіретіп тастады. Екінші раундта да Джош Келли отандасымызға қарсы қауқар таныта алған жоқ. Тәжірибелі Данияр шаршы алаңда шеберлігін танытып, 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен жеңіске жетті. 

Данияр Елеусінов ширек финалда венесуэлалық Габриэль Маэстромен жұдырықтасады. 

Ө. Сансызбай