Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты

Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты
Фото: vk.com

Рио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты. 62 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ауыр атлет Фархад Харки жүлделі орыннан көріне білді.

Қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеру жаттығуын 135 келіден бастады. Бұл салмақты бірінші мүмкіндігінде-ақ ырқына бағындыра білді. Одан кейін 5 келі қосып, 140 келіге тапсырыс берді. Алайда Фархад кейінгі екі мүмкіндігінде тапсырыс берген салмағын көтере алмады. Сондай-ақ бұл салмақтағы басты фаворит спортшылардың бірі саналған қытайлық Чэнь Лицзюнь бірден 143 келіге тапсырыс беріп, екі мүмкіндігінде көтере алмады. Аяғын ауырсынып, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде қазақстандық спортшының жүлделі орыннан көрінуіне мол мүмкіндік ашылды.

Бірінші жаттығу қорытындысы бойынша Фархад Харки кіші қола медальға ие болды. Ал 142 келіні көтерген колумбиялық Оскар Фигероа мен индонезиялық Эко Юли Ираван алғашқы екі орынды өзара бөлісіп шықты.

Фархад Харки серпе көтеру жаттығуын 170 келіден бастады. Одан кейін 177 келіге тапсырыс берді. Отандасымыз бұл салмақты кейінгі екі мүмкіндігінде де пайдалана алмады. Нәтижесінде қоссайыс бойынша 305 келімен қола жүлдегер атанды.

62 келіге дейінгі салмақта колумбиялық Оскар Фигероа Олимпиада чемпионы атанды. Ол қоссайыста 318 келіні (142+176) көтерді. Күміс медаль индонезиялық Эко Юли Ираванға (312 келі) бұйырды.

О. Сансызбай