- Негізгі бет
- РИО-2016
- Арли Чонтей төртінші...
Арли Чонтей төртінші орын алды
Фото:
vesti.kz
Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Риодағы Олимпиада ойындарында төртінші орын алды. Ол қоссайыста 278 келіні еңсерді.
56 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеруді 130 келімен бастады. Одан кейін тапсырыс берген салмағын көтере алмады. Ал серпе көтеруде 148 келімен шектелді.
Бұл салмақ дәрежесінде 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Лун Цинцюнь чемпион атанды. Ол қоссайыста 307 келіні көтеріп, әлем және Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс медаль Лондон Олимпиадасында топ жарған Солтүстік Корея елінің спортшысы Ом Юн Чхольға (303 келі) бұйырды. Қоланы таиландтық Синфет Круаитонгқа бұйырды. Ол қоссайыста Арли Чонтейден 11 келі артық көтерді.
О. Сансызбай