- Негізгі бет
- РИО-2016
- Маргарита Елисеева бесінші...
Маргарита Елисеева бесінші орынды місе тұтты
Фото:
zimbio.com
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпиондары анықталды. Бұл салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Маргарита Елисеева бесінші орынды місе тұтты.
Қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеруді 80 келіден бастады. Ал одан кейін 84 келіге тапсырыс беріп, екі мүмкіндігінде де бұл салмақты ырқына бағындыра алмады. Ал серпе көтеруді 103 келіден бастап, 106 келімен аяқтады. Нәтижесінде қоссайыс бойынша 186 келімен жүлделі орынға ілікпеді.
Бұл салмақ дәрежесінде тайландтық ауыр атлет Сопита Танасан чемпион атанды. Ол қоссайыс бойынша 200 келіні (92+108) бағындырды. Күміс индонезиялық Агустианиға (85+107) бұйырса, қоланы Жапония елінің спортшысы Хироми Мияки 188 (81+107) жеңіп алды.
О. Сансызбай