- Негізгі бет
- РИО-2016
- 19 тамыз күні...
19 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына да 3 күн қалды. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 20-орында келеді.
Бүгін қазақстандық жанкүйерлер боксшы Иван Дычко мен әйелдер арасында жарыс жолына шығатын Дариға Шәкімованың жартылай финалдық жекпе-жектерін асыға күтетін болады. Сондай-ақ қазақстандық таеквондошылар, бессайысшылар, ескек есушілер, жеңіл атлеттер мен еркін күрес шеберлері жүлдеге таласады. Назарларыңызға 19 тамыз күні жарыс жолына шығатын отандастарымыздың жарыс кестесін ұсынамыз.
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жекелей. 200 метр. Іріктеу кезеңі.
Спортшы: Алексей Дергунов
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.00
Спорт түрі: Таеквондо. Әйелдер (67 келіге дейін). 1\8 финал
Спортшы: Жансель Дениз
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.00. Жансель сағат 21.30-да жарыс жолына шығады.
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-төрттік. 500 метр. Іріктеу кезеңі
Спортшылар: Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.37
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-төрттік. 1000 метр. Іріктеу кезеңі
Спортшылар: Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев, Александр Емельянов
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.51
Спорт түрі: Еркін күрес. Ерлер (74 келіге дейін). Іріктеу
Спортшы: Ғалымжан Өсербаев
Басталуы: Астана уақытымен сағат 19.16. Тікелей эфир («KazSport»)
Спорт түрі: Еркін күрес. Ерлер (57 келіге дейін). 1\8 финал
Спортшы: Нұрислам Санаев
Басталуы: Астана уақытымен сағат 19.16. Тікелей эфир («KazSport»)
Спорт түрі: Көркем гимнастика. Жекелей көпсайыс. Іріктеу
Спортшы: Сабина Әшірбаева
Басталуы: Астана уақытымен сағат 21.00. Тікелей эфир сағат 23.45-те («KazSport»)
Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Жүзу
Спортшы: Елена Потапенко
Басталуы: Астана уақытымен сағат 21.00
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. 20 шақырымға спорттық жүру
Спортшылар: Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 23.30
Спорт түрі: Бокс. Ерлер (+91 келі). Жартылай финал
Спортшы: Иван Дычко
Басталуы: Астана уақытымен сағат 00.15. Тікелей эфир («Хабар»)
Спорт түрі: Бокс. Әйелдер (75 келіге дейін). Жартылай финал
Спортшы: Дариға Шәкімова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 00.30. Тікелей эфир («Хабар»)