- Негізгі бет
- РИО-2016
- 16 тамыз күні...
16 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының 11-ші күні де келіп жетті. Назарларыңызға бүгін жарыс жолына шығатын спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.
Бүгін қазақстандық жанкүйерлер байдарка мен каноэде ескек есуде қазақстандық Ирина Подойникова, Наталья Сергеева мен Инна Клиноваға жанкүйерлік танытады. Спортшыларымыз 15 тамыз күнгі іріктеу сындарынан сүрінбей өткен болатын. Финалдық кезеңде олар жүлдеге таласатын болады. Ал бокстан Жайна Шекербекова мен Иван Дычко ширек финалдық, Әділбек Ниязымбетов жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
Спорт түрі: Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-жұптық. 500 метр. Финал
Спортшылар: Ирина Подойникова, Наталья Сергеева
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.23
Спорт түрі: Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-жекелей. 200 метр. Финал
Спортшы: Инна Клинова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18.47
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Іріктеу кезеңі
Спортшы: Анастасия Пилипенко
Басталуы Астана уақытымен сағат 20.05. Тікелей эфир («KazSport»)
Спорт түрі: Бокс. Әйелдер (51 келіге дейін). Ширек финал
Спортшы: Жайна Шекербекова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 02.15. Тікелей эфир («Хабар»)
Спорт түрі: Бокс. Ерлер (81 келіге дейін). Жартылай финал
Спортшы: Әділбек Ниязымбетов
Басталуы: Астана уақытымен сағат 03.30. Тікелей эфир («Хабар»)
Спорт түрі: Бокс. Ерлер (+91). Ширек финал
Спортшы: Иван Дычко
Басталуы: Астана уақытымен сағат 03.45. Тікелей эфир («Хабар»)