Бүгін Рио Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынайды. Назарларыңызға 14 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.
Спорт түрі: Ату. Ерлер. Винтовкадан үш жағдайда оқ ату (50 метр). Іріктеу кезеңі.
Кім: Юрий Юрков
Уақыты: Басталуы 18.00
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер.
Кім: Гүлжанат Жанатбек. Ирина Смольникова.
Уақыты: Басталуы 18.00
Спорт түрі: Грек-рим күресі. Ерлер 59 келіге дейін.
Кім: Алматы Кебіспаев.
Уақыты: Іріктеу кезенінің басталуы. 19.00. Тікелей эфир (KazSport)
Спорт түрі: Грек-рим күрес. Ерлер 75 келіге дейін.
Кім: Досжан Қартықов
Уақыты: Іріктеу кезенінің басталуы. 19.06. Тікелей эфир (KazSport)
Спорт түрі: Синхронды жүзу. Дуэт. Ерікті бағдарлама.
Кім: Александра және Екатерина Немич
Уақыты: Басталуы 20.00
Спорт түрі: Бокс. Әйелдер 75 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Дариға Шәкімова
Уақыты: Шәкімованың жарысы 20.15 басталады. Тікелей эфир (Қазақстан)
Спорт түрі: Бокс. Ерлер 56 келіге дейін. 1/8 финал.
Кім: Қайрат Ералиев
Уақыты: Ералиевтің жекпе-жектегі 03.15-те басталады. Тікелей эфир (Хабар)
Спорт түрі: Бокс. Ерлер 81 келіге дейін.
Кім: Әділбек Ниязымбетов
Уақыты: Ниязымбетовтың жекпе-жегі 05.00-де басталады. Тікелей эфир (Хабар)
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Үш рет қарғып секіру. Әйелдер. Финал.
Кім: Ольга Рыпакова
Уақыты: Басталуы 05.55-де. Тікелей эфир (Қазақстан)