Абайдың «қара сөздеріндегі» Дін философиясы

Абайдың «қара сөздеріндегі» дін философиясы.

Қазақ ағартушылығында,қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениетті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын ойшыл-демократ Абай Құнанбайұлы болды.Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын.Құдай-өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.Абай дінбасылары мен діни надандықты,фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес,қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады.Дінбасылары насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды.Немесе,өзінің сөзімен айтқанда «Алла табарака уатагаланың шәріксіз,ғайыпсыз,хақтығына бірден дәлел жүргізелік болып,ақылы мен дәлел испат қыларға керек. (Қара сөздер,13сөз)Сонымен бірге бірнеше қара сөздерінде,айталық,38ші сөзінде жануарларды,адамдарды,айналадағылардың бәрін Алла жаратты деген тұжырым жасайды.Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикаклық тұжырымдар бейнесін көруге болады.32ши қара сөзінде «дүние-үлкен көл,заман- соққан жел.алдыңғы толқын ағалар,артқы толқын інілер»-,деп дүние өзгерісте екенін болжайды,Тағы бір қайталай түсетін тақырып-дін менен мораль.Олар:12,13,27,35,36,38,45 cөздерде.Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып,иман жайын сөз етеді.(12,13сөздер)Бірақ,сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып,Абайдың өз оқушысына жеткізбегі-адамгершілік өсиеттер болады.35,36сөздерде Абай қазақтың дін күтушілерін және сол дін жолының өзіндегі өрескел мінді мінездерін шенейді.Пайғамбар өсиетін айтып отырса да, сыншыл ақылдың талаптарын ақын айқын атап отырады.Осы топта көлемі мен мазмұны бойынша ең үлкен орын алатын отыз сегізінші сөз- «Ғақлиат –тасдиқат».Бұнда Абай аят,хадистерден цитаталар келтіріп сөйлейді.Осы кезде Абай өзінің дінін түп наным жағынан да,моральдық қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де таныта түспек.Өлеңдерінің тұсында айтқанымыздай, әрине бұл сөзде де Абай өзін мұсылман етіп көрсетеді.Ол діннің құдайына иланды.