Жаңа заман философиясындағы ең өзекті мәселелер
Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декрт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен –өзі көрнекіліктен көрсе ,ал эмпиристер (Локк, Юм және т.б.) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз- өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы, ло Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру демек қабылдану» деген методологиялық принципке сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Берклидің тұжырымдауынша, Құдай ждаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болап табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір- бірімен байланысты.
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деді.
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды.