Жаңа дәуір философиясындағы бағыттар
Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттары (Ф. Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза және т.б.).
ХҮІ- ХҮІІ ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. ХҮІІ ғасырға қарай келассикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспеприментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ- рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ- эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демокрациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. ХҮІІ ғасыр – бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.