Гегельдің философиялық системасы және диалектикалық әдісі
Гегельдің философиялық системасы және диалектикалық әдісі.
Гегель философиясы неміс идеализімінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Әрине, Гегельдің өзі айтқанындай бұнымен жалпы таным процесі аяқталады десек, ол ақылсыз күлкі болар еді. Қалай дегенде де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 – 19ғ класикалық неміс философиясының ұлы өкілі болды, және алға қарай болып қана бермек. Гегель класикалық неміс философиясының дәстүрді бағыттарын ілгері дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс философиясының және өз заманының жаратылыстану ғылымдарын жетістіктерін таразыға сала отырып Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан – жақты негіздейді. Философияның негізгі міселесін Гегель объективтік идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия. Ол философияны рухтың өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан керегенділікпен философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фйлософиялық жүйенің іс – түссіз жоғалып кетпегендігін философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды. Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне орай және оның негізгі қағыдаларының тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті идеализмнің метафизикалық материализмді Юм және Канттың агностипцзйдің қатал санаға қалай дегенде Гегельдің ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б)табиғат философиясы; в)рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы”деген еңбегінде жан – жақты баяндаған. Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют - құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің шын болмыс қалпынан басқа болмыс қалпына көшіп, өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза ақыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осындан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр-түрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), интитезис (нақтылауды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық материалық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі - антитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы - синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.