Неміс философиясы. Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг философиясының басты мақсаты - «абсолютті», яғни болмыс пен ойлаудың бастауын үғыну жене тусіндіру.Өз дамуында Шеллинг философиясы 3 негізгі кезеңнен өтті:1.натурфилософия;2.практикалык философия;3.иррационализм
Шеллингтің табиғат философиясының мәні:
1.бұған дейінгі табиғат түсіндірмелері(Фихтенің «Мен емесі»,Спинозаның субстанциясы) ақиқат емес, өйткені бірінші жағдайда табиғат адам санасынан шығарылады,ал одан басқа концепцияларда табиғаттың шектелген тусіңдірмелерін береді тырысып бағады;2.табиғат дегеніміз «абсолют» - берін қамтып, өз бойына ендіріп, қамтып жататын дүниенің бастауы ері бастапқы себебі;3.табиғат- объективті мен субъективтінің бірлігі, мәңгі ақыл;4.материя мен рух-бір, олар табиғаттың қасиеттері, мәңгі абсолютті ақылдың түрлі күйлері;5.табиғат жанды, тұтас организм;6.табиғаттағы полярлылык-оның қозғаушы күші-Шеллингтің практикалық философиясында тарих барысы, оның саяси-әлеуметтік сипаты карастырылады.Шеллинг пікірінше, адамзаттың басты мәселесі ж/е фил-ның нег.пәні-бостандық мәселесі. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылыс-адам жаратылысынан бірге берілген жене тарихи процестің басты максаты болып табылады.Бостандық идеясын іске толық асырғанда адамдар«екінші табиғатты»-құқықтық құрылымды жасайды.