Неміс философиясы. Иоганн Готлиб Фихте

Иоганн Готлиб Фихте өз философиясының өзекті ұғымы«Мен-концепцияны»тұжырымдады.«Мен концепцияны» негіздеуге итермелеген себеп–Кант философиясындағы кайшылықтар.Кант философиясындағы басты қайшылық–оның философиялык жүйесін танушы субъект(адам)пен танылмайтын дүние («өзіндік зат»)болып 2-ге бөлінуі деп санады:1)ақыл тани алмайтын сыртқы дүниені-«өзіндік зат»идеясын терістеді.2)адамдағы ішкі,субъективті «менді» бүкіл дүниені қамтып тұрған жалғыз реалдық деп жариялады.Ол болмысты субъективті ойлардың ішіне,яғни субъектті(адамды) объектіге ауыстыру арқылы болмыс пен ойлаудыбіріктірді.3)дүниедегі,айналадағы тіршілік тек субъективті «мен» ішінде жүріп жатыр деп санады.4)ойлаудан, «меннен» тыс, дербес өз бетінше тіршілік ететін дүние жоқ.5)«мен»-адам санасы ғана емес,ол-қозғалыс,жаратушы күш қоршаған дүние сиып тұрған орын, жоғарғы субстанция (Декарт пен Спиноза философиясындағы жоғарғы субстанция-Құдай аналогиясы).Фихтенің «мені»-қоршаған дүниемен күрделі қатынаста.Ол қатынас Фихте«тезис-антитезис-синтез» диалектикалық схема бойынша былай сипаттайды:1)абсолютті мен деп өзін түсінеді («Мен»дегеніміз-мен);2)абсолютті «Мен»- «Мен еместі»-сыртқы, шын дүниені(антитезисті)жасайды;3)Абсолютті «Мен» (жоғарғы субстанцияның орны)ішінде бастама,субъект,адам санасы) және «Мен емес» (пассивті бастама-қоршаған дүние екеуі өзара әрекеттеседі.)Фихте философиясында қарастырылатын келесі сұрақ-бостандық мәселесі.Фихтенің пікірінше,бостандық-жалпы қажеттілікке өз еркімен бағыну. Адамзат тарихы-бостандықтың таралу,орнығу процесі.Жалпы бостандықтың негізі-меншілікке ие болуында.