Неміс философиясы. Иммаиуил Кант
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы Иммаиуил Кант - Кенигсберг университетінің профессоры, неміс философы болды.Кант творчвоствосын 2 кезеңге бөліп қарастыру қабылданған:1.«Сынға дейінгі» кезеңде И.Канттың философиялық қызығушылығы - жаратылыс пен табиғат меселесіне бағытталды. 2.«сыни» кезең өз атауын Канттын осы кезең ішінде жарық көрген философиялық еңбектерінде(барлығы үш)қайталанатын«сын»сөзіне байланысты алады.Олар:«Таза ақылға сын»;«Практикалық ақылға сын»;«Пайымдау кабілетіне сын».Канттың екінші,«сыни»кезеңінің философиялық зерттеулері негізінде таным мәселесі жатыр.Кант өзінің«Таза ақылға сын»кітабында агностицизмді (қоршаған дүниені тану мүмкін еместігін)жақтайды.Кант-танымдағы қиыншылықгардың себебі(айналадағы шын дүние)объектіде емес,керісінше,таным субъектісінде-адамға, делірегі,оның,ақылында деп түсінді.«Адам ақылы өзінің танымдық мүмкіндіктері шеңберінен шыққан бойда шешілмес қайшылықтарға тап болады.Кант ондай шешілмес қайшылықтарды антиномиялар деп атаған, ондай қайшылыктар саны төрт:
І антиномия-кеңістіктің шектеулілігі.Дүниенің уақыт ішінде бастамасы, басталу уақыты бар ж/е (ол) кеңістікте шектеулі.//Дүниенің басталу уақыты жоқ ж/е(ол)шексіз. ІІ антиномня-қарапайым же күрделі. Тек қарапайым элементтер ж/е қарапайым элементтерден кұралғандар ғана тіршілік етеді.//Дүниеде қарапайым нәрсе жоқ.III антиномия-бостандық пен себептілік.Бостандық деген жоқ, дүниенің бері қатаң себептілік күшімен іске асады.//Табиғат заңдары бойынша себептілік қана емес,бостандық та бар.IV антиномия-Құдайдың болуы.Құдай бар.Ол бүкіл тіршіліктің себебі ж/е сөзсіз қажет нерсе.// Құдай жоқ.Тіршілік себебі,абсолютті қажетті нәрсе жоқ.
Кант таным ерекетінің нетижесі ретінде білімді жіктеп,3-ке бөледі: 1)Апостериорлық білім - адамның тәжірибе нәтижесінде алатын білімі.Бұл білім түрі айқын емес, болжамдық сипатта.2)Априорлық білім («приори»-тәжірибе;«а»-дейін)-тәжірибеге дейінгі,ақылда бастапқыдан бар,дәлелді қажет етпейтін білім.3)«Өзіндік зат»-Канттың бүкіл философиясындағы орталық ұғымдардың бірі.И.Канттың саяси-елеуметтік көзқарастары:1)адам бастапқыдан залым болып жаратылған;2)моральдық тәрбие ж/е моральдык занды (категориялық императивті)қатаң сақтау-жаманшылықтан, залым табиғаттан арылудың жолы;3)әрбір жеке коғамдағы ж/е мемлекеттер мен халықтар арасындағы демократияны ж/е құқықтық тертіпті жақтады;4)соғысты ауыр кылмыс ж/е адамзат адасушылығы деп айыптады;5)келешекте «жоғарыда бейбітшілік»заманы туады-соғыстарға қүқықтық жолмен тиым салынады не соғыс экономикалык тұрғыдан пайдасыз шығын болады.