Антикалық философияның пайда болуы

Антикалық философияның пайда болуы ж/е даму кезеңдері
Антика заманының философиясы біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э.д VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 ж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойыншы, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады.Пифагор (б.д.д. 580-500ж.ж ). Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Эллада» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, Құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздайды. Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті. Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз - физикалық дене, ал пифагоршылар – сан десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары мынаған саяды. Түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі, тек қана түсіндіруге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді.