Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі - Галилей

Сол дәіурдің көрнекті өкілдері- Л. Д. Винчи, Н. Кузанский, Г. Галилей. Дәл осы өкілдер сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің өктемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болған.

Келесі өкіліміз-Галилей. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Г. өзінің алғашқы телескопын құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары Н. Коперник іліміне тыйым салған соң , Г. ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. Қателеспесем 1630 жылы шыққан "Әлемніңекі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі. Бұл дәуірді оқи отырып көп нәрсе туралы ойлануымыз керек. Адам баласының мүмкіндіктерін Жаратқаннан жоғары қою,әрине,қате. Бірақ, жануар атаулы мақұлық хайуаннан адам баласын ерекшелегендігі анық.