Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі - Леонардо да Винчи

Сол дәіурдің көрнекті өкілдері- Л. Д. Винчи, Н. Кузанский, Г. Галилей. Дәл осы өкілдер сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің өктемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болған. Солардың бірі — өнер алыбы Леонардо да Винчи . Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Л.В. ұшу аппаратының қанатының, токарь станогының жобаларын жасады.Көптеген ғылыми трактаттардың иесі. Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері

Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза — Джоконда» туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Л. «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де осында болар.