Орта ғасырдағы ислам философиясы
Орта ғасырдағы ислам философиясы
Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с.елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі – Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне айдарып, оны әрі қарай дамытуы.Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Арабтардың ғылымға өздерінің қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген сол кездегі еңбегі сол кездегі астрономиалық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық кестелері латын тіліне аударылып, еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге енгізген де – сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері – ерекше әңгіме. 11-12ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа тілдеріне аударыла бастаған. Біздің жартылай жерде отырған, жартыдай көшпелі өмңр салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сәйкес келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.